Создание сайта учителя и воспитателя
Публикация авторских работ и материалов
Свидетельство о публикации на сайте

"Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін арттыру жолдары".

Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін арттыру жолдары.

Автор: Сарбасова Айнур Калиаскаровна, учитель казахского языка и литературы, КГУ "Ахмеровская средняя школа" акимата города Усть-Каменогорска, Восточно-Казахстанская область Город Усть-Каменогорск



В раздел основное общее образование







Текстовая HTML-версия публикации


Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін арттыру жолдары
. Құзіреттілік –тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Бұл мектептегі оқу үрдісінен қалыптасады. Құзіреттілік – оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеті. Білім беру жүйесінде жеке тұлғаны қалыптастыруда мынандай құзіреттіліктер болуы керек:  Құндылықтарды бағалау құзіреттілігі;  Коммуникативті құзіреттілігі;  Мәдениеттану құзіреттілігі;  Оқу-танымдық құзіреттілігі;  Әлеуметтік еңбек құзіреттілігі;  Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзіреттілігі;  Ақпараттық-техникалық құзіреттілігі. Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін қалыптастыру мен дамытудың маңызы зор. «Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) – оқушылар мен өзара іс-әрекет және қарым-қатынас жасау тәсілдерін білу, түрлі әлеуметтік топтармен жұмыс істеу. Коммуникативтік құзыреттілік - екінші тілді үйренуші оқушыларға тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың бойында коммуникативті құзіреттілікті қалыптастырып, дамыту үшін тақырыпқа байланысты диалог, қойылымдар әзірлеу, рөлдік ойындар ойнату, мәнерлеп оқу және оқыту, әр түрлі сызбаларды толтырту, модельдер жасату, венн диаграммасы, бес жолды өлең, ассоциация, тағы да басқа тапсырмаларды орындатуға болады. Оқушылардың коммуникативті құзіреттіліктерін арттырудың жолдары:
1)

Әр түрлі кестелер толтыру арқылы :
1. Жылнамалық кезеңдерін толтыру (Ақын-жазушының өмірі мен шығармаларына байланысты)
жылдар

негізгі оқиғалар

шығармалары
Шығармаларын зерттеуге байланысты: 1. Семантикалық карта толтыру Шығарманың атауы Авторы Жанры Тақырыбы Идеясы Кейіпкерлері Басты кейіпкерлерге мінездеме 2. Салыстырмалы талдаулар жасату арқылы Өлеңі Ақын ойы Кейіпкер сипаты Ақын көңіл-күйі 3. Өлең шумақтарын талдату арқылы. Шумақтар Ақын сезімі Оқушы сезімі 4. 11-сыныпта І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын оқытқанда, поэма бөлімдері бойынша басты-басты оқиғаларын саралап, сюжеттік-композициялық жоспар жасату. бөлім Басты оқиғалары Ақанның іс-әрекеті «Ас» Сағынай асы, үш жүздің оған жиналуы Халықтың Ақанды құрметтеуі
5. А.Байтұрсыновтың мысалдарын оқытқанда Мысалдың аты тармақтары тақырыбы идеясы Қорытынды сөз «Егіннің бастары» Бір бидай көтеріп тұр басын көкке, Қарайды шекіреніп көпке тәкаппарлық Жақсыдан үйрен Тәкаппар, оны халық жасан дейді 6. Әңгімелерді оқытқан кезде әр түрлі жұмыс түрлерін орындауға болады. Мысалы, Бейімбет Майлиннің «Айт күндері» әңгімесін оқытқан кезде топтық жұмыс түрін ұйымдастыруғ болады. 1-топқа мәтіндегі пейзажды анықтау болса, 2-топқа мәтіндегі кейіпкерлердің киімдерін анықтатсақ, 3-топқа адамдардың сөйлеген сөздерін анықтату. Арқылы мәтіннің не туралы екендігін анықтатуға болады.
2)

Ақын-жазушылардың не кейіпкерлердің моделін жасату арқылы.
Мысалы, «Қамбар» батыр жырын оқытқан, оқушыларға батыр бейнесінің моделін жасату. Домбыра, бәйтерек, күн, жұлдыз, қыран құс, гүлге, т.б. Салған модельдерін мәтіннен берілген мінездемелерімен дәлелдету. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» әңгімесін оқытқанда, кейбір оқушылар кейіпкерлерді табиғат құбылысына теңейді. Қожаны – талға теңесе, Жантасты найзағайға теңеді.
3)

Тірек сөздер арқылы
Мысалы, Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасын оқытқанда, тірек сөздерді қолдану арқылы сәндік нәзіктік адалдық махаббат сезім пәктік
4)

Рөлге бөліп оқыту арқылы.
Жалпы коммуникативті құзіреттілікті дамытуда рөлдік ойындардың алатын орны ерекше. Рөлге бөліп оқыту арқылы, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу, өздеріне деген сенімділіктері оятады, бірін-бірі тыңдай білуге, мұқиятылыққа баулиды.
5)

Оқушылардың ойлау белсенділіктерін арттыру, іздендіру мақсатында әдеби талдау сұрақтары арқылы
Мысалы, Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасын оқытқан кезде, Егер сен ақынның орнына болсаң, поэманы қалай аяқтар едіңдер? Поэмадағы аңшыны қалай суреттер едіңдер? 6) Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының оқушыларды еркін сөйлеуге, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын қысылмай жеткізе білуге мол әсері бар. Ассоцияция құру. Мысалы, ақын-жазушылардың кім екенін анықтау. Мұқағали Мақатев 10-сыныптарда Абай Құнанбаевты қорытындылау кезінде, мынандай топтастыру стратегиясы арқылы қорытуға болады. Яғни, оқушы өз ойларын жеткізе отыра, дәлелдейді. Қорыта келгенде, өзге ұлт өкілдеріне қазақ әдебиетін оқытуда коммуникативтік құзіреттіліктерін қалыптастыру – заман талабы болып табылады. Сондықтан оқушыларымызды жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, мемлекеттік тілді үйрете отырып, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтарын оята отырып, өз ойларын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым-қатынасқа түсе алатын, мәдениетті, өнерге икемді тұлға болуы үшін оқушы бойындағы коммуникативтік құзіреттілікті дамыту ұстаздардың қолында.
Аққу
Ол кім? Атағы несімен шықты? Не істеді? Ұлы Абай отбасы Кемеңгер ғұлама аудармашы ақын


В раздел основное общее образование