Создание сайта учителя и воспитателя
Публикация авторских работ и материалов
Свидетельство о публикации на сайте

2Информатика пәнінен сыныптан тыс сабақ"

сыныптан тыс сабақ

Автор: Мейрахат Назген Мейрахатовна, информатика пәнінің мұғалімі, Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебі, Жамбыл облысы, Тараз қаласы



В раздел основное общее образование



Күні 21.10.2015 ж Сынып 6 «Г» Сабақтың тақырыбы: «Информатика әлемінде» Мақсаты: пәнге деген қызығушылықты арттыру, оқушылардың ойлау абілеттерін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі сайыс сабақ Сабақтың типі аралас сабақ Сабақтың әдісі CТО әдістері Көрнекіліктер мен ресурстар: АКТ, қима-қағаздар,постер, стикер, маркер Сабақтың жоспары I Топппен таныстыру II Шын жүйрікте шаршау жоқ III Білгенге маржан IV V VI VII Сабақтың барысы I Топпен таныстыру , әр топ өзін таныстырып ұрандарын айтады. 1. 2. II . «Шын жүйрікте шаршау жоқ » кезеңі
Ойынның шарты
: Әр командаға 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. І топқа 1. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ) 2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ) 3. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия) 4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ — та пайда болды.(ия) 5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ) 6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия) 7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ) 8. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ) 9. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ) 10. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия) <p
ІІ топқа 1. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ) 2. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ) 3. «Информатика» пәні ЭЕМ — нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия) 4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия) 5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия) 6. ЭЕМ — нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ) 7. Процессор — ол компьютердің миы. (ия) 8. Пернетақта, сканер ДК — дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия) 9. Принтер — ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия) 10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия) III
«Білгенге маржан» кезеңі

Шарты:
Компьютерге байланысты мақалдар айтылады. Айтылған мақалды оқушылар өмірдегі мақалмен байланыстырады. 1. Күлсең ескірген компьютерге күл (Күлсең кәріге күл) 2. Антивирусы күштіні вирус ала алмайды (Досы көпті жау алмайды) 3. Байт биттен құралады (теңге тиыннан құралады) 4. Вирустан қорыққан, интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан егін екпес) 5. Қолдағы бар компьютердің интернеті жоқ(Қолдағы бар алтынның қадірі жоқ) 6. Компьютер қанаты- антивирус (Ер қанаты ат)


В раздел основное общее образование